$ 494.87  520.65  4.91

Шымкент қаласының спортшылары жалпы есепте көш бастап келеді

Шымкентте нысана көздеуден таяуда жалауы желбіреген Қазақстан Спартакиадасы жалғасын табуда. Қазіргі таңда аралас командалық сын бойынша жеңімпаздар есімі белгілі болғанын айта кетейік.

Сонымен, пневматикалық тапанша, микс бойынша: 1. Шымкент (Ирина Локтионова, Никита Чирюкин) 2. Қарағанды облысы (Ольга Аксенова, Рүстем Есенов) 3. Алматы (Владимир Исаченко, Елена Файнберг)

Винтовкамен нысана көздеу, микс бойынша: 1. Шымкент (Елизавета Король, Юрий Юрков) 2. Алматы (Александра және Константин Малиновский) 3. Нұр-Сұлтан (Александра Ли, Қуаныш Жарылқасын)

Бүгінге дейін 15 алтын, 11 күміс және 9 қола жеңіп алған Шымкент қаласының командасы жалпы есепте көш бастап келе жатқанын айта кеткен жөн. Екінші орында 9 алтыны бар Алматы қаласының командасы орналасқан. Үздік үштікті 2 алтын иеленген Нұр-Сұлтан қаласының командасы қорытындылап тұр. Нысана көздеуден ел Спартакиадасы 17 маусымда, яғни, бүгін мәресіне жетеді.

«SN.kz» - ақпарат»

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары