$ 445.66  474.58  4.78

Шымкент қаласында БАҚ өкілдері арасында бильярдтан жарыс өтті

Таяуда Шымкент қаласы мен Түркістан облысының БАҚ өкілдері арасында «Оңтүстік» телеарнасының ұйымдастыруымен өткен Спартакиада аясындағы бильярд бәсекесінде 14 адам бақ сынасты.

Жыл сайын журналистер арасында спорттық ойындардан дәстүрлі түрде жарыстар ұйымдастырылып келе жатқаны белгілі. Бұл дәстүр биыл да жалғасын тапқан. Бильярдтан өткен жарыс – соның бір көрінісі.

Шымкент қаласындағы «Айжарық» бильярд клубында тартысты ойындар болды. БАҚ басшылары мен ардагер журналистер өзара шеберлік байқасып, ойынның көрігін қыздырды. Биылғы турнирде «Оңтүстік» телеарнасының директоры Уәли Қыдыров топтан озып шықты. Екінші орынға ие болған да осы телеарнаның өкілі – Өмірхан Жолдасбеков. Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге қаржылай сыйлықтар табыс етілді.

Бильярд турнирінде жүлделі орын алғандар мыналар: 1. Уәли Қыдыр («Оңтүстік» телеарнасы) 2. Өмірхан Жолдасбеков («Оңтүстік» телеарнасы) 3. Самат Мырзалиев (Түркістан облысы әкімдігінің баспасөз қызметі) 3. Ерлан Сырғабаев («Нар тв» телеарнасы).

«SN.kz» - ақпарат»

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары