- Осы күндері қаламызда өткен «Shymkent Challenger» Халықаралық теннис турниріне әлемнің 25 елінен келген 100-ден аса кәсіпқой спортшылар қатысып, шешуші ойында Словакия спортшысы Андре Мартин жеңіске жетті. Барлық спортшыларға, ұйымдастырушыларға осындай жеңіске деген құштарлыққа толы атмосфера қалыптастырғандары үшін алғыс айтамын. Шымкент - xалықаралық деңгейдегі спорт ойындарының орталығына айналуда. Қаламызға ерекше ықыласпен бөлген көңілі үшін Теннис федерациясына ризашылығымды білдіремін. Барлықтарыңызға жаңа жеңістер тілеймін! - деп жазды қала әкімі Ғ.Әбдірахымов өзінің Инстаграм парақшасында.
Естеріңізге сала кетсек, Қазақстан командасының құрамында Андрей Голубев, Александр Недовесов, Денис Евсеев, Достанбек Ташбулатов, Григорий Ломакин, Тимофей Скатов және Тимур Хабибулин болды.
«SN.kz» - ақпарат»