$ 447.4  477.55  4.76

Шымкент: «Shymkent ATP Challenger» Халықаралық теннис турнирі өтеді

Қазақстан теннис федерациясы 10-16 маусым аралығында Шымкент қаласында «Shymkent ATP Challenger» Халықаралық теннис турнирін өткізбек. Бұл жарыс Халықаралық теннис федерациясы аясында ұйымдастырылады және Президент Кубогінен кейінгі екінші ірі дода болып саналады.

Жарыстың жүлде қоры 50000 АҚШ долларынан асады. Жарысқа қатысу үшін 25-тен астам елден 100 жуық кәсіпқой ойыншы тапсырыс берген.

Осы дода алдында 9 маусымда сағат 15:00-де Шымкент қаласының Б.Момышұлы көшесіндегі №20 "Д" мекенжайында орналасқан Ұлттық теннис орталығында Қазақстанның ұлттық құрамасына кіретін отандық тенис жұлдыздары шеберлік сабағын өткізеді. Андрей Голубев, Александр Недовесов, Достанбек Ташбулатов, Тимур Хабибулин, Денис Евсеев, Григорий Ломакин сияқты атақты спортшылар балалармен бірге жаттығады.

Сонымен қатар 11 маусым сағат 9:30-да турнирдің ресми ашылу салтанаты және Теннис федерациясы мен Шымкент филиалының басшылығының қатысуымен брифинг өткізіледі.

 «SN.kz»-ақпарат.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары