$ 449.58  486.94  4.86

Головкин-Альварес жекпе-жегінің келіссөздері тағы да кейінге шегерілді

Бүкіләлемдік бокс қауымдастығы (WBC) қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль "Канело" Альварес арасыенда өтуі тиіс жекпе-жекке қатысты өз шешімін шығарды.

WBC шешіміне сәйкес, қос боксшы өзара кездеспестен бұрын чемпиондық атақтарын қорғау мақсатында бір-бірден жекпе-жек өткізуі тиіс. Ал, тараптардың өзара келісімге келуіне тағы уақыт беріліп отыр. Енді қос боксшының промоутерлері 31 мамырға дейін нақты шешімге келуі керек. Болжам бойынша, "алыптар жекпе-жегі" ағымдағы жылдың қыркүйегінде өтеді. Ал, егер тараптар нақты шешімге келе алмаса промоутерлік сауда жүргізіліп, жеңген тарап кездесуді ұйымдастыру мәртебесіне ие болады.

Айта кетейік, Геннадий Головкин WBC чемпиондық белбеуіне толыққанды үміткер. Бұл белбеуді жуырда мексикалық Сауль "Канело" Альварес экс-чемпион Мигель Коттодан тартып алған еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары