$ 443.44  480.51  4.88

Футбол: Юрий Красножан Қазақстан ұлттық құрамасынан кетті

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Юрий Красножан отставкаға кетті деп хабарлайды Sports.kz.

Қазақстан Футбол федерациясы мен Красножан арасында келісімшартты созу туралы келіссөздер жүргізілгенімен ол нәтижесін бермеген. Екі тарап та атқарылған жұмыстарға көңілдері толатындарын айтып тарасты.

Айта кетейік, Юрий Красножан 2014 жылы Ресейдің "Терек" футбол клубынан Қазақстанға алдырылды. Сол уақыттан бері ұлттық құраманың тізгінін ұстап келген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары