$ 494.87  520.65  4.91

Геннадий Головкин келесі кездесуін 23 сәуірде өткізеді

Кәсіпқой бокстан орта салмақтағы WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) чемпиондық белбеулерінің иегері қазақстандық Геннадий Головкин өзінің келесі жекпе-жегін 23 сәуір күні Нью-Йорк қаласында өткізеді деп хабарлайды Аllboxing.ru.

Головкиннің промоутері Том Леффлер аталған кездесу үшін әйгілі Madison Square Garden кешенін жалға алып отыр. Алайда, отандасымыздың қарсыласы әлі нақтыланған жоқ. Негізгі үміткерлердің қатарында Багам аралдарының боксшысы Туреано Джонсон мен британдық Билли Джо Сондерс бар. Олардың алғашқысы IBF нұсқасы бойынша, екіншісі WBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы.

Бұған дейін GGG командасы Сондерске шақырту тастаған болатын. Алғашында британдық боксшыға $1,5 гонорар ұсынылған. Оған көнбегеннен кейін бұл сома 4 миллион долларға өсті. Дегенмен, Сондерс әлі де болса гонорар көлемін ұлғайтуды талап етіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары