$ 444.22  476.38  4.82

Дидье Дрогба үлкен спортпен қош айтысты

Футболдан Кот-д’Ивуар құрамасының шабуылшысы, әйгілі Дидье Дрогба футболдан біржола кеткендігін мәлімдеді деп жазады Eurosport.ru француз басылымдарына сілтеме жасап. Мұндай қадамға ол қазірге дейін ойнап келген "Монреаль Импакт" клубынан кету үшін барғаны белгілі болып отыр.

Енді ол өзінің сүйікті командасы лондондық "Челсимен" жұмыс істеуді көздеуде. Аталған клубтың сапында Дрогба 2004-2012 және 2014-2015 жылдар аралығында өнер көрсеткен болатын.

Өзінің спорттық ғұмырында ивуарлық шабуылшы барлығы 263 гол соққан болса, соның 104-ін "Челси" сапында жүріп еншісіне жазған. Ал, ең маңызды голын ол 2012 жылғы Еуропа чемпиондары лигасының финалында соқты. "Бавариямен" болған ойында Дрогба ойынның соңғы минуттарында есепті теңестірсе, матч соңынан кейінгі пенальтиде командасына жеңіс алып берді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары