$ 439.43  473.31  4.82

Мадридтік "Реалдың" тізгінін Зинеддин Зидан ұстады

Мадридтік "Реал" футбол клубының басшылары бүгін шұғыл жиын өткізіп, оның барысында команданың бас бапкері Рафаэль Бенитесті қызметінен босатты деп хабарлайды Еurosport.ru.

Дереккөздің мәліметінше, аталған мәлімет ресми түрде бүгін түнге дейін жарияланады. Ал, "Реалдың" тізгінін жаңа бапкер табылғанша әйгілі француз футболшысы Зинеддин Зидан ұстайтын болады.

Айта кету керек, кешегі аптаның соңында "Реал" Испания біріншілігінде "Валенсиямен" тең ойнап (есеп 2:2) ойнады. 18 тцрдан кейін 37 ұпай жинаған мадридтік клуб турнир кестесінің үшінші сатысында. Ол көшбасшы "Атлетикодан" төрт ұпайға қалып келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары