$ 494.87  520.65  4.91

Елімізде тағы бір велокоманда құрылды

Бельгияның Льеж қаласында «UCI Байқоңыр» велокомандасының таныстырылымы өтті. Айта кетейік, бұл ұжымның негізін қалаушы велошабандоз, қазір кәсіпкер Андрей Кашечкин.

Таныстыру рәсіміне белгілі қазақстандық велошабандоздар қатысты.

Команданың спорттық директоры Жак Туниссен жаңа маусымда «Байқоңыр» командасының да өнер көрсететін мәлімдеді.

- Бұл команда құрамында 10 қазақстандық және 6 бельгиялық шабандоз өнер көрсетеді. Бұл топта Андрей Кашечкин академиясының шабандоздары шыңдалады. Академиямен «Байқоңыр» командасының жалпы құрамында 35 велошабандоз бар, - деді Жак Туниссен.

Андрей Кашечкин бұл жобаны бірнеше жыл ішінде жүзеге асырып отыр.

– Велокоманда тек қана спорт саласындағы жоба емес, ол сондай-ақ Қызылорда облысында және Байқоңыр қаласында туризм саласын дамыту жоспарының бір бөлігі болып табылады. Біздің мақсатымыз жерлестеріміз Қазақстанды халықаралық аренада танытып, Байқоңырдың танымалдылығын арттыру, - деді А.Кашечкин.

Естеріңізге сала кетейік, Қызылорда облысының әкімі қазан айында Андрей Кашечкинмен кездесіп, жобаны жүзеге асыру және «Байқоңыр» брендін насихаттау мәселелерін талқылаған. Екінші желтоқсан күні облыс әкімдігінде жаңа команда таныстырылып, машина құру зауытын салу және Қызылорда облысында туризм саласын дамыту жөніндегі меморандумдарға қол қойылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары