$ 441.66  475.14  4.86

Лионель Месси бесінші рет "Алтын доп" иегері атанды

"Барселона" футбол клубының және Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы Лионель Месси 2015 жылдың ең үздік футболшысына берілетін "Алтын доп" жүлдесін осымен бесінші рет жеңіп алды. Спортшыларды салтанатты марапаттау рәсімі Цюрих қаласында өтті.

Айта кетейік, осынау жүлдеге Мессимен бірге португалдық Криштиану Роналду және Бразилия шабуылшысы Неймар да үміткер болған еді.

Осылайша Лионель Месси "Алтын допты" ең көп жеңіп алған футболшы ретінде футбол тарихында аты қалды (2009, 2010, 2011, 2012, 2015). Оның бәсекелесі Криштиану Роналдуда алтынмен апталған үш доп бар.

"Алтын доп" - ФИФА-ның жылдың ең үздік футболшысына беретін басты жүлдесі. Оның иегері сауалнама нәтижесінде белгілі болады. Дауыс беруге ұлттық құрамалардың капитандары, бапкерлері, футбол сарапшылары және танымал спорт журналистері қатысады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары