$ 447.4  477.55  4.76

Алекс Фергюсон «Манчестер Юнайтедке» қайта оралуы мүмкін

«Манчестер Юнайтед» клубының бас бапкерлерлігіне Райан Гигз тағайындалса Сэр Алекс Фергюсон команда сапына оралып, кеңесші-бапкер қызметін істегісі келетінін айтты. Бұл жайында британдық Mirror басылымы хабарлап отыр.

Қазіргі таңда Гигз бас бапкер Луи ван Галдың көмекшісі. Ал, ван Гал болса соңғы уақытта жанкүйерлер тарапынан да, спорт сарапшылары тарапынан да жиі сынға ұшырап жүр. Тіпті, клуб басшылары бас бапкерді алмастыру мәселесін көтергеніне де бір айдай уақыт болды. Басты себеп - «Манчестер Юнайтедтің» ішкі чемпионаттағы сәтсіз ойындары. Қазіргі таңда команда Ағылшын премьер-лигасының көшбасшысынан ортаңқол командаларының біріне айналып отыр. Егер бүгін ван Гал шәкірттері «Ливерпульден» жеңілсе, басшылар бас бапкерді қызметінен босатады.

Айта кетейік, 74 жастағы Фергюсон «Манчестер Юнайтед» клубына 1986 жылы бас бапкер болып келіп, 2013 жылы ұжыммен қош айтысты. Оның кезінде «Манчестер Юнайтед» Ағылшын премьер-лигасын 13 рет жеңіп алып, Еуропа Чемпиондар лигасын екі рет ұтты.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары