$ 442.05  474.14  4.74

Australian Open: Ю.Путинцева екінші айналымға шықты

Теннистен Аустралия ашық біріншілігінде бақ сынап жатқан қазақстандық Юлия Путинцева бүгін әлемнің экс-бірінші ракеткасы даниялық Каролина Возняцкиді жеңіп, сенсация жасады.

Әлемдік рейтингте 76 орында тұрған жерлесіміз осылайша жарыстың екінші айналымына шығып отыр. Ал, кезінде осы Australian Open турнирін жеңіп, әлемнің бірінші ракеткасы атанған Возняцки бүгінде рейтингтік 18-ші сатысында.

Бірінші сетте Путинцева 1:6 есебімен жеңілгенімен, екінші сет аса тартысты өтіп, нәтижесінде Қазақстан теннисшісі 7:6 (7:3) есебімен басым түсті. Ал, шешуші үшінші сет 6:4 есебімен Юлия Путинцеваның жеңісімен аяқталды.

Аталған кездесу 3 сағат 15 минутқа созылды. Жерлесіміз келесі айналымда қытайлық Хань Синьюньмен кездеседі.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары