Кешегі аптаның соңында жаңартылған Әйелдер теннисі ассоциациясының (WTA) рейтингінде қазақстандық Юлия Путинцева 7 сатыға жоғарылады.
Осынау тізімдегі Қазақстан спортшылары арасында әзірге ең үздік көрсеткіш Юлия Путинцевада. Ол қазіргі таңда 57 орында. Былтыр еліміздің №1 ракеткасы атанған Зарина Дияс болса тағы бір сатыға төмендеп, 69-шы орынға жайғасты. Ал, Ярослава Шведова болса 82-ші сатыда. Бұл тізімдегі көшті америкалық теннисші Серена Уильямс бастап келеді. Екінші орында - неміс Анжелика Кербер, үшінші орында - румын қызы Симона Халеп.
Жұптық бәсекеде сәтті өнер көрсетіп жүрген Ярослава Шведова жұмптық рейтингте 4-ші орынды иеленіп отыр. Ал, Дияс бұрынғыша 271-ші сатыда.