$ 448.15  483.46  4.86

Италияның әйгілі футболшысы Қазақстан құрамасын жаттықтыруы мүмкін

Италияның әйгілі футболшысы, ұлттық құрама сапында әлем чемпионы атанған жартылай қорғаушы Дженнаро Гаттузо футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері атануы мүмкі деп жазады Vesti.kz.

Әзірге Қазақстан футбол федерациясының басшылары жаңа бапкердің есімін наурыз айының басында жариялауды жоспарлап отыр. Үміткерлердің қатарында 38 жастағы италиялық маман Дженнаро Гаттузо да бар. Белгілісі, ол Қазақстанның ұсынысымен танысып, қазір агенті Марко Трабукки ҚФФ-мен келіссөздер жүргізіп жатқан көрінеді.

Гаттузо Италия футболындағы ең танымал тұлғалардың бірі. Спортсүйер қауым оны "Милан" және Италия құрамасы сапындағы жартылай қорғаушы ретінде таниды. 2006 жылы Гаттузо Италия құрамасының сапында әлем чемпионы атанған. Ұлттық құрама үшін ол 73 ойын өткізіп, тек 1 ғана гол соққан.

Бапкерлік жұмысты Гаттузо швейцариялық "Сьон" клубынан бастаған. Алайда, команда 11 ойында небәрі 10 ұпай жинаған соң италиялық маман өз еркімен қызметінен кеткен болатын. Мұнан кейін ол "Палермо", ОФИ және "Пиза" футбол клубтарының тізгінін ұстап көрді. Ешқайсысын да өрге сүйрей алған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары