$ 444.14  477.05  4.85

Криштиану Роналду "Реал" сапынан кетуі мүмкін

Мадридтік "Реал" футбол клубының басшылары португалдық шабуылшы Криштиану Роналдуды трансферге шығарды деп хабарлайды Sky Sports басылымы.

Танымал испан журналисті Гильем Балагенің айтуынша, "корольдік клубтың" президенті Флорентино Перес Роналдуды 60 миллион еуроға сатуға дайын. Қазіргі таңда футболшының агенттері клуб басшыларымен келіссөздер жүргізіп, қос тарапқа да оңтайлы шешімге келудің жолдарын қарастырып жатыр. Ал, Роналдудың өзі болса жаңа команда сапында жылына 20-25 миллион  еуро жалақы алуды көздейді.

Бұл ретте айта кету керек, португалдық шабуылшыға бұған дейін "Манчестер Юнайтед" пен ПСЖ футбол клубтары "құда түскен" болатын. Алайда, ол кезде Флорентино Перес өз ойыншысы үшін тым үлкен ақша сұраған еді.

Ал, еуропалық БАҚ өкілдері Роналдудың Испаниядағы екі бірдей үйін сатылымға шығарғанын жарыса жазып жатыр. Соған қарағанда, биылғы футбол маусымы аяқталысымен даңқты спортшы "Реал" сапынан кетуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары