$ 498.34  519.72  4.85

Зарина Дияс "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымында сүрінді

Парижде өтіп жатқан дәстүрлі "Ролан Гаррос" турнирінің екінші айналымында қазақстандық теннисші Зарина Дияс румын қызы Симона Халептен 0:2 есебімен жеңіліп қалды.

Әлемнің 6-шы ракеткасы саналатын Симона Халептің қазақ теннисшісінен тәжірибесі мол екені сөзсіз. Дегенмен, матчтың бірінші сетінде теннисшілер тең дәрежеде өнер көрсетті, есеп - 6:7 (5:7). Ал, екінші сетте Зарина Дияс қарсыласына тегеурінді қарсылық көрсете алған жоқ. Отандасымыз небәрі екі геймді жеңіп, сетті 2:6 есебімен аяқтады.

Қос теннисші бір-бірімен үш рет кездесіп, үшеуінде де румын қызы жеңіске жеткен. WTA рейтингінде 25 жастағы Халеп 6-шы сатыда тұрса, Зарина Дияс небәрі 90-шы орынға тұрақтаған. Былтыр жерлесіміз үздік отыздықтың қатарынан көрінген болатын.

Енді үшінші айналымда Симона Халеп әлемнің 101-ші ракеткасы жапон Наоми Осакимен кездеседі. Бүгін ол хорват Мирьяна Лючич-Барониды 6:3, 6:3 есебімен жеңген еді.

Тағы бір қазақстандық теннисші қыз Юлия Путинцева екінші айналымда неміс қызы Андреа Петковичпен күш сынасады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары