$ 441.58  480  4.86

Назым Қызайбай әлемнің екі дүркін чемпионы атанды

Астанада бокстан қыздар арасында өтіп жатқан әлем біріншілігінде 48 келіде өнер көрсеткен Назым Қызайбай жарыс жеңімпазы атанды. Ақтық кездесуде қытайлық Ван Юаньмен кездескен жерлесіміз үш раунд бойы қарсыласынан басым түсіп, 3:0 есебімен жеңіске жетті.

Айта кетейік, Назым осылайша әлемнің екі дүркін чемпионы атанып отыр. 2014 жылғы Оңтүстік Кореяда өткен әлем чемпионатында да ол топ жарған болатын. Ал, 2012 жылы Қытайда өткен біріншілікте Назым Қызайбай үшінші орыннан көрінді.

Астанадағы "Барыс" аренасында өтіп жатқан финалдық кездесулерде Қазақстанның тағы үш боксшысы өнер көрсетеді. Олар: Дина Жоламан (54 келі), Валентина Хальзова (69 келі) және Ләззат Күнгейбаева (81 келі). Ал, Жайна Шекербекова (51 келі) мен Айжан Қожабекова (57 келі) жарыстың қола жүлдегерлері атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары