$ 474.72  515.17  5.58

Жозе Мауринью «Манчестер Юнайтедке» бас бапкер болып тағайындалды

Португалдық маман Жозе Мауринью ағылшындық «Манчестер Юнайтед» футбол клубының бас бапкері болып тағайындалды. Екі тарап арасындағы келісімшарт үш жылға негізделген. Бұл туралы команданың ресми сайтында айтылды.

Естеріңізге салайық, 23 мамыр күні «Манчестер Юнайтед» клубының басшылары голандиялық маман Луи ван Галды бас бапкер қызметінен босатқан еді. Оның жетекшілігімен команда биылғы чемпионатта небәрі бесінші орын алып, Еуропа чемпиондар лигасы турнирінен шеттеп қалды. Ван Гал «Манчестер Юнайтедті» 2014 жылдан бері жаттықтырды.

Ал, Жозе Мауринью де соңғы маусымды сәтсіз аяқтады. Лондондық «Челсиды» баптаған маман сәтсіз ойын көрсетіп, чемпионаттың орта тұсында қызметінен қуылды. Жалпы, Мауринью «Порту» мен «Интер» клубтарына Еуропа чемпиондар лигасының бас жүлдесін әперген болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары