$ 498.34  519.72  4.85

Станимир Стойлов «Астана» клубынан кетуі мүмкін

Болгарлық «Левски» футбол клубының жаңа басшылары «Астананың» бас бапкері Станимир Стойловты кері қайтармақ ниетте деп жазады Sports.kz.

«Левски» футбол клубы Басқарушы кеңесінің бұрынғы төрағасы мен бұрынғы конституциялық судья Георги Марков «Нова телевизия» басылымына берген сұхбатында аталған команданы өзгерістер күтіп тұрғанын мәлімдеді. Атап айтқанда, басшылық құрамда ауыс-түйістер болады деді ол.

«Үлкен клубтардағы секілді "Левскидің" жаңа әрі жалғыз басшысы болады. Ол командаға өз қаражатын салады. Оның аты-жөні кейінірек айтылады, менің оған құзыретім жоқ. Бірақ, "Левскиге" сыртқы ортада байланысы көп, дәулетті, адамгершілігі мол президенттің келетініне сенімдімін, клубқа қазір дәл сондай басшы қажет. Ол командаға Наско мен Мериді (Наско Сиракова мен Станимир Стойлов) қайтаруға бар күшін салады», - деді Марков журналистермен болған әңгіме барысында.

Айта кетейік, Станимир Стойловпен бірге «Астана» футбол клубы Еуропа чемпиондар лигасының іріктеу кезеңінен сәтті өтіп, жарыстың топтық кезеңінде өнер көрсеткен болатын. Қазақстан тарихында әлі бірде-бір команда мұндай жетістікке жетпеген.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары