$ 442.05  474.14  4.74

Риода Қазақстанның туы көтерілді

XXХI жазғы олимпиада ойындары өтейін деп жатқан Рио-де-Жанейрода ту көтеру рәсімі өтіп, Қазақстанның байрағы желбіреді. Осынау шараға еліміздің спортшыларымен бірге Испания, Түркия, Сейшель аралдары және Чад Республикасының өкілдері қатысты.

Олимпиада гимні айтылып болысымен ең бірінші болып Қазақстанның туы көтерілгенін айта кету керек. Бұл туралы Sports.kz порталы жазып отыр.

ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбеков мұны жақсы ырымға балап отыр. Алдағы жарыстарда біздің елдің байрағы әлі бірнеше рет бірінші болып желбірейтін болады дейді ол.

Айта кетейік, Риодағы жазғы олимпиада ойындары 5 тамызда басталып, 21 тамызда мәресіне жетеді. Аталған жарыстарға қатысу үшін Қазақстан атынан 104 спортшы аттанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары