Олимпиада алауын алып жүрген бразилиялық хирург Иво Питангай сенбі күні 90 жасқа қараған шағында дүниеден өтті. Ол өлерінен бір күн бұрын ХХХІ жазғы олимпиада ойындарының ашылу рәсіміне қатысқан болатын.
Питангай өзге алаушылармен бірге Олимпиада алауының Маракана стадионына дейін жетуіне атсалысқан болатын. Мұнан кейін ол стадионның трибунасында отырып салтанатты шараны тамашалады деп жазады Insyde the games.
"Ол өз өмірін өзгелерге көмектесуге арнаған жан болатын. Жұрттардың жақсы өмір сүруіне атсалысты. Біз оны сағынатын боламыз", - деді Бразилия президентінің міндетін атқарушы Мишель Темер өзінің көңіл айту жеделхатында.
Айта кетейік, биыл Оңтүстік Америка құрлығының тарихында алғаш рет жазғы олимпиада ойындары өтіп жатыр. Қазақстаннан Жарыстың алғашқы күнінде Қазақстан ұлттық құрамасының қоржынына бір күміс және бір қола медальдар түсті.