$ 441.66  475.14  4.86

Рио-2016: Жәнібек Әлімханұлының "алтын" алу мүмкіндігі арта түсті

75 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсететін ирландиялық боксшы Макйл О’Райли бірде-бір жекпе-жек өткізбестен Олимпиада қалашығын тастап кетті. Жарыс фавориттерінің бірі саналып келген оның допинг-сынамасынан тыйым салынған препараттың бары анықталған. Бұл туралы Ирландияның Олимпиадалық кеңесі ресми мәлімдеді.

О’Райли Олимпиада басталмай тұрып өз елінде допингтің бар-жоғын анықтау үшін сынамаларын тапсырған екен. Оның нәтижесі тек 4 тамызда белгілі болып, О’Райли олимпиадалық қалашықтан аластатылған. Оның өзге спортшылармен қарым-қатынас жасауына да тыйым салыныпты.

Айта кетейік, О’Райли жарыстың 1/16 финалын қарсылас болмауы себебінен жекпе-жексіз өткізді. Оның 1/8 финалдағы қарсыласы мексикалық боксшы Мисаэль Родригес болатын. Енді Родригес автоматты түрде ширек финалға жолдама алды.

Олимпиада басталар тұста спорт сарапшылары О’Райлиді осы салмақтағы басты фавориттердің қатарына жатқызған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары