$ 443.44  480.51  4.88

Рио-2016: Дмитрий Баландин жүзуден қазақ тарихындағы алғашқы Олимпиада чемпионы атанды

Рио олимпиадасында суға жүзуден Қазақстан намысын қорғаған Дмитрий Баландин жарыс сенсациясын жасап, 200 метр қашықтыққа брасс әдісімен жүзуде Олимпиада чемпионы атанды.

Бұған дейін қазақстандық спортшының финалға жолдама алғанын хабарлаған болатынбыз. Ақтық сында 2:07,46 уақытымен топ жарған Баландин қазақ тарихында жүзуден алғашқы Олимпиада чемпионы атанып отыр. Бұған дейін ол Азия ойындарында бірнеше алтын медаль иеленген еді.

Ал, бұл бәсекеде Баландиннен кейінгі екінші орынды америкалық жүзгіш Джош Перно алса (2:07,53), үздік үштікті 2:07,70 уақытымен Ресей өкілі Антон Чупков қорытындылады.

Айта кетейік, бұған дейін брасс әдісімен 100 метрге жүзген Дмитрий Баландин финалдық кезеңге дейін шығып, шешуші сында небәрі сегізінші орын алған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары