$ 441.66  475.14  4.86

ҚР Бокс федерациясы олимпиада медальдарын сатып жіберген болуы мүмкін бе? (ВИДЕО)

Кешегі Левит пен Тищенко арасындағы жекпе-жек спортта да жемқорлықтың бар екенін тағы бір көрсеткендей. Көзімізді бақырайтып, төрешілер Ресей боксшысының қолын көтергенде дереу ойымызға "Левиттің жеңілісі қанша ақшаға сатылыпты?" деген ой келді. Артынша, ұлттық құраманың бас бапкері Мырзағали Айтжанов журналистерге сұхбат беріп, төрешілердің неліктен мұндай шешім қабылдағанын ҚР Бокс федерациясының атқарушы директорынан сұрау керектігін айтты.

Сонда Бекжан Бектеновтің (ҚР Бокс федерациясының атқарушы директоры) не білгені бар? Левиттің жеңілісін расымен де федерация басшылары сатып жіберген бе? Сатса қанша ақшаға сатқан екен? Ұлттың намысы, халықтың ықыласы қанша долларға бағаланыпты? Боксшыларымыздың жылдар бойы төккен тері, бапкерлердің еңбегі ше?

Жалғыз Левит қана емес, бұл күні төрешілер Қайрат Ералиевке де, Олжас Сәттібаевқа да қиянат жасады. Олар да қарсыластарын ұруындай ұрған. Бірақ, тағы сол AIBA төрешілері шын жеңімпаздың қолын көтерген жоқ. Олардың жеңілісі қай шенеуніктің қалтасын томпайтқанын шамамен болжап отырмыз.

Ал жарайды, сатпаған делік, онда неге ара түспейді? AIBA-ның вице-президенті Серік Қонақбаев сол жерде жүр. Тіпті, еш ұялмастан Васлилий Левитті өзі шығып марапаттады. Қонақбаев төрешілерге барып "бұларың не?" деп неліктен айтқан жоқ? Бәлкім кездесу тағдырын алдын ала білген шығар?

Жарайды, спорт министрінің түрі анау, ең болмаса Бокс федерациясының басшылары неге үнсіз? Тимур Құлыбаев, Бекжан Бектеновтер не істеп жүр? Сол алдын ала жоспарлаған 1 алтын мен 1 күміске қанағат деп, қалған салмақтағы жігіттердің жекпе-жегін сатып жіберген жоқ па? Бәрі де мүмкін!

Жалпы, спорттың маңайында жүрген сарапшылар бокстан олимпиада медальдарының алдын ала саудаға түсетінін айтатын. Левит пен Тищенконың кешегі жекпе-жегінен кейін бұл әңгімеге амал жоқ, сенуге тура кеп отыр. Бәрінен қызығы, спорт шенеуніктерінің отанды, спортшыларымыздың төккен терін, бапкерлерінің еңбегін, халықтың ықыласын қанша ақшаға сатқандығында болып отыр, егер біз болжағандай сатса әрине!

Азамат ЕСЕНОВ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары