$ 444.32  473.33  4.76

Рио-2016: Әділбек Ниязымбетов олимпиада алтыны үшін жұдырықтасады

Қазақстан қоржыны жоқ дегенде тағы бір күміс медальмен толығып отыр. Бокстан 81 келіге дейінгі салмақта өнер көрсететін жерлесіміз Әділбек Ниязымбетов жартылай финалда британ боксшысы Джошуа Буатсиді жеңіп, ақтық сынға жолдама алды.

Бұған дейінгі қарсыласын нокаутпен жеңген Буатси аталған жекпе-жектің фавориті болатын. Тіпті, букмекерлер де британ боксшысына алдын ала жеңісті ұстата салған. Алайда, рингте мүлдем басқа жағдай орын алды. Кездесуді белсенді бастаған Ниязымбетов бірінші раундта қарсыласынан басым түсіп, есепте алға шыққан. Екінші раундты төрешілер Буатсидің пайдасына шешті. Ал, шешуші раундта қазақ боксшысы өзінің шеберлігімен көзге түсіп, жеңісті тікелей мағынасында жұлып алды. Есеп, 3:0 (29:28, 29:28, 29:28).

Енді финалда Әділбек әлемнің үш дүркін чемпионы кубалық Хулио Сесар Ла Круспен жұдырықтасады. Бұл кездесу 19 тамыз күні Астана уақытымен 00:30-да басталып, "Хабар" арнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Естеріңізге салайық, Әділбек Ниязымбетов соңғы Лондон олимпиадасының күміс жүлдегері атанған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары