$ 494.87  520.65  4.91

Рио-2016: Левит — Тищенко жекпе-жегіндегі соққылардың статистикасы жарияланды

Бокстан Рио олимпиадасының финалында жұдырықтасқан қазақстандық Василий Левит пен орыс боксшысы Евгений Тищенко арасындағы жекпе-жектің статистикалық көрсеткіштері жарияланды. Мәліметтерге сәйкес, Левит қарсыласына қарағанда екі есе көп соққы жұмсаған. Бұл туралы Vesti.kz порталы хабарлап отыр.

Естеріңізге салайық, аталған жекпе-жекте Васлий Левит Тищенконы үш раунд бойы қуып жүріп сабаса да, төрешілер орыс боксшысының қолын көтерген еді. Мұнан кейін тек қазақстандық БАҚ өкілдері емес, бүкіл әлемдік басылымдар AIBA төрешілерінің әділетсіздігін әшкерелеп, Левиттің "алтыны" ұрланғанын айтып келеді. Ал, марапаттау рәсімі кезінде залда отырған көрермендердің бәрі Тищенко тұғырға көтерілер кезде ысқырып, наразылықтарын білдірді.

CompuBox жүйесінің есебі бойынша, қазақ боксшысы қарсыласына қарағанда әлдеқайда көп соққы жұмсаған және дөп тию көрсеткіші жағынан да Левиттің дәлдігі екі есеге көп.

Мәселен, үш раунд бойы Василий Левит 234 соққы жұмсапты, оның 62-сі (26,5 пайыз) қарсыласына дәл тиген. Джеп соққыларының саны - 55, дәл тигені - 5 (9,1 пайыз). Ауыр соққылары - 179, дәл тигені - 57 (31,8 пайыз).

Тищенко болса небәрі 175 соққы жұмсаған көрінеді. Оның тек 35-і ғана қарсыласына дәл тиген (22,3 пайыз). Джеп соққыларының саны - 44, дәл тигені - 4 (8,3 пайыз). Ауыр соққылары - 109, дәл тигені - 31 (28,4 пайыз).

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары