$ 498.34  519.72  4.85

Рио-2016: Қазақстан олимпиаданы жалпыкомандалық есепте 22-орынмен аяқтады

16 күнге созылған Рио олимпиадасы да өз соңына жетті. 104 спортшыны жарысқа қосқан Қазақстан ұлттық құрамасының айтулы додадағы нәтижесі аса жаман емес. Алайда, жоспарлаған меже орындалды деп те айту қиын. 17 медаль еншілеген қазақстандық спортшылар жалпыкомандалық есепте 22-орынға тұрақтады.

Олимпиаданың соңғы күніне дейін 21-орынды сақтап тұрған біздің ұлттық құрама тарихында алғаш рет көрші өзбек еліне жол беріп отыр. Ала тақиялы ағайындар бір ғана бокстың өзінен 3 алтын еншілеп, өздерінің олимпиадалық рекордын жаңартты. Олардың қоржынындағы төртінші алтын медаль ауыратлет Руслан Нұриддиновтың еншісінде.

Ал, Қазақстан спортшылары 3 алтын, 5 күміс және 9 қола медальды қоржынымызға салды.

Айта кету керек, 2012 жылы өткен Лондон олимпиадасында жерлестеріміз 7 алтын медальмен 12-орынға тұрақтаған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары