$ 494.87  520.65  4.91

Әділбек Ниязымбетов бокспен қоштаспақ ниетте

Рио олимпиадасының алтынын жеңе алмағаны үшін еңсесі түскен Әділбек Ниязымбетов үлкен спорттан кетуді жоспарлап отыр деп жазады Informburo.kz.

"Әрине, Рио олимпиадасы мен үшін бұған дейінгі олимпиада ойындарынан ауыр болды. Шын айтсам, мен Риоға алтын медаль үшін барған болатынмын. Халықтың, бапкерлерімнің үмітін ақтай алмағаным үшін мүлдем көңіл-күйім жоқ. Бұл сезімнен жақын уақытта арыла алмайтын да секілдімін. Әрине, олимпиаданың күмісін алу екінің бірінің қолынан келмейді, бірақ менің көңіл-күйім жоқ", - дейді Әділбек Ниязымбетов.

Сондай-ақ, ол қазіргі таңда бокспен қоштасу мәселесін де қарастырып жатқанын айтып қалды. Әзірге беліндегі жарақатын емдетіп жатқан боксшы бапкерлерімен ақылдасып болған соң нақты шешімге келетінін айтып отыр.

"Әзірге, нақты ешнәрсе айта алмаймын. Бұл мәселені бапкерлермен тағы ақылдасамын. Қазір демалып аламын, өзіме келуім керек. Адамға ең алдымен денсаулық қажет. Сол кісілермен сөйлесейін, бокста қалатын-қалмайтынымды содан кейін шешеміз", - деп сөзін түйді Олимпиаданың екі дүркін күміс жүлдегері.

Естеріңізге салайық, Риода өткен олимпиада ойындарында Әділбек Ниязымбетов финалға дейін жетіп, ақтық сында кубалық боксшы Хулио Сезар Ла Круздан 3:0 есебімен жеңіліп қалған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары