$ 480.55  533.75  5.36

Қазақстан FIFA рейтингінде тағы 13 сатыға жоғарылады

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) рейтингінде өз жағдайын едәуір жақсартты. Жаңартылған тізім бүгін ұйымның ресми сайтында жарияланып отыр.

Мұндай жоғары нәтижеге ұлттық құрамамыздың жуырда ғана Польшамен болған тең ойыны әсер еткен. 2018 жылғы әлем чемпионатының алғашқы іріктеу ойыны Астанада 4 қыркүйекте өткен болатын. Талғат Байсуфинов шәкірттері поляк футболшыларынан 0:2 есебімен жеңіліп тұрып, екінші таймда таразы басын теңестірген.

Осынау тең нәтиже Қазақстан құрамасының ФИФА рейтингінде 13 сатыға жоғарылап, 83-ші орынға тұрақтауына мүмкіндік берді. Бұл тәуелсіз Қазақстанның тарихындағы рекордтық көрсеткіш.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары