$ 498.55  524.28  4.75

"Астана" еурокубоктегі алғашқы ойынын жеңілістен бастады

Футболдан Еуропа лигасының топтық кезеңінде өнер көрсетіп жатқан "Астана" клубы алғашқы ойынын жеңілістен бастады. Кеше жерлестеріміз Кипрде жергілікті АПОЭЛ командасымен-мен кездескен болатын.

Никосиядағы ГСП стадионында өткен ойын 2:1 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды.
Матч бастала салысымен кипрлық клуб ойыншылары тізгінді өз қолдарына алып, Эрич күзеткен қақпаға шабуылдарды үдеткен. Алайда, бұл шабуылдардың бірде-бірі нәтижесін берген жоқ. Есесіне, 11 минутта айып соққысын орындаған елордалық клуб бірінші шабуылынан-ақ есепті ашты. Айып алаңына көтерілген допқа бірінші жетіп гол соққан - Джордже Деспотович.
АПОЭЛ екінші таймды да жоғары қарқымен бастады. Алайда, ойынның 75- минутына дейін Станимир Стойлов шәкірттері сыр берген жоқ. Тек кипрлық клуб ойыншы алмастырып, алаңға жаңа футболшылар шығарғаннан кейін ғана шабуылдарына қан жүгірді. 75-минутта қорғаушы Абзал Бейсебековтің өрескел қателігін ұтымды пайдаланған Винисиус Франко есепті теңестірген. Ал, 87-минутта Игор де Камарго "Астана" қақпасына жеңіс голын соқты.
Келесі ойынын жерлестеріміз 29 қыркүйек күні "Астана-Аренада" швейцариялық "Янг Бойз" клубымен өткізеді

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары