$ 474.72  515.17  5.58

Қазақстан паралимпиада ойындарын 1 алтын және 1 күміс медальмен аяқтады

Риода өткен паралимпиада ойындары бүгін ресми түрде жабылды. Қазақстан айтулы бәсекені 1 алтын және 1 қола медальмен аяқтап отыр.

Жабылу салтанаты әлемдегі ең үлкен стадиондардың бірі саналатын "Мараканада" өтті. Жалпыкомандалық есепте қытайлық спортшылардың алдына түсер ел болған жоқ, олар 107 алтын, 81 күміс және 57 қола медальмен бірінші орынға жайғасқан. Екінші орын болса Ұлыбритания құрамасына бұйырып отыр: 64 алтын, 39 күміс және 44 қола. Сондай-ақ, 41 алтын, 37 күміс және 39 қола медаль жеңіп алған украин спортшылары үздік үштікті қорытындылады.

Паралимпиада ойындарына небәрі 11 спортшы апарған Қазақстан құрамасы болса 1 алтын және 1 күміс медальмен 58-орынға жайғасқан. Жүзгіш Зүлфия Габидуллина жарыс жеңімпазы атанса, пауэрлифтингте Раушан Қойшыбаева екінші орынды жеңіп алды.

Айта кетейік, Қазақстан спортшылары алғаш рет паралимпиада ойындарында жүлделі орындар иеленіп отыр.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары