$ 441.66  475.14  4.86

«Kazsport» телеарнасы футболдан Испания чемпионатын көрсетеді

Футболдан Испания біріншілігін «Kazsport» телеарнасы тікелей эфирде көрсететін болды. Бұл туралы бүгін ҚР Ақпаратжәне байланыс министрі Дәурен Абаев өзінің Facebook-парақшасында мәлімдеді.

Айта кетейік, былтыр еліміздегі №1 спорттық телеарна Ағылшын премьер-лигасын трансляциялаған болатын.

«Спортсүйер қауымды, әсіресе футбол жанкүйерлерін қуантатын мына бір жаңалықты өздеріңізбен бөлісіп қойғым келеді. 19-қарашадан бастап «Kazsport» телеарнасы футболдан Испания чемпионатын трансляциялай бастайды. Қазақстандық тарап үшін тиімді болған бұл келісімге трансляциялау құқығының иелерімен арадағы жүйелі келіссөздің арқасында қол жетіп отыр. Қалың көрерменнің сұранысына ие жобаларды отандық телевиязияға тарту жұмыстары одан әрі жалғаса бермек», - делінген министрдік әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары