$ 498.34  519.72  4.85

"Ақтөбе" футбол клубының басшысы Д.Васильев қамауға алынды

"Ақтөбе" футбол клубының бас директоры Дмитрий Васильев ұсталды деп хабарлайды Tengrinews.kz Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлтық бюросына сілтеме жасап.

Ұлттық бюро "Ақтөбе" облыстық футбол клубының басшыларын бюджет қаражатын жымқырды деп айыптап отыр.

"Тергеу барысы анықтағандай, АҚ-ның бас директоры Дмитрий Васильев заңсыз түрде ойыншыларға сыйақы беріп, бюджеттен 300 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырған. Өзіне бөлінетін сыйақының көлемін ол өзі белгілепті", - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Клуб басшылары "Ақтөбенің" алғашқы алтылықтың құрамына кіргені үшін де ойыншыларына және клуб қызметкерлеріне 69 миллион теңге көлемінде сыйақы берген. Оның 15 миллион теңгесін Васильевтің өзі алыпты.

8 қараша күні Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлтық бюросы Васильевті қамауға алған. Оның үстінен қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Естеріңізге салайық, бұған дейін интернетте Дмитрий Васильев пен "Ордабасы" футбол клубының бас бапкері Бақтияр Байсейітов арасындағы әңгіме жазылған аудиоматериал жарияланған болатын. Онда қос маман ойынның нәтижесін алдын ала келісіп алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары