$ 498.34  519.72  4.85

Бразилиялық джитсер қазақстандық споршылардың жаттықтырушысы болды

Маңғыстау облысының бес спортшысы: Қуандық Қонысов, Жанболат Закарин, Әбу-Бәкір Жәнібек, Сапамұрат Нұрмұханбетов пен Нұрлан Есполов қалған 23 қазақстандық спортшылармен Marangoni мектебінің үздік түлегі бразилиялық джиу-джитсушы Эдуардо Вентурадан сабақ алады, деп хабарлайды мемлекеттік БАҚ өкілдері.

 Эдуардо Вентура Қазақстанға біздің спортшыларымызды джиу-джитсудан жаттықтыруға келген және оның еңбегі алғашқы жемісін беріп үлгерді. Эдуардо джиу-джитсудан Қазақстан ұлттық құрамасының спортшыларын 27 қараша күні Польшада өткен әлем чемпионатына дайындаған.

Қуандық Қонысов осы чемпионаттың күміс жүлдегері атанды. «Сіздің спортшыларыңызбен тәжірибе алмасқаныма қуаныштымын. Сондай-ақ, біздің спортшылармен бірге көпшілікке танымал manequin challenge флешмобына қатыстым», - деді джитсер.

Джитсердан тәлім алу барлығына бұйырмайды, себебі ол ең қабілетті спортшыларды өзі таңдап алады. Енді олар басқа да халықаралық жарыстарға дайындалуда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары