$ 498.34  519.72  4.85

Мемлекеттік қызметкерлер спортта да мықты

ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңында ОҚО Бәйдібек аудандық сот ұжымы мемлекеттік қызметкерлер арасында спорттық сайыс ұйымдастырды. Қызметтен бір сәтке қол үзген олар волейболдан, шахматтан және тоғызқұмалақтан өзара мықтыны анықтады.

Туринирді аудан әкімінің орынбасары Н.Айтбеков пен аудандық соттың төрағасы Ә.Бекназаров ашты. Ақжарма тілектерін жеткізіп, Ұлы датамен мемлекеттік қызметшілерді арнайы құттықтады.

«Елбасы ең әуелі халықтың жағдайын жақсартуды міндеттейді. Біздерге қойылатын талап та, сұрау да жоғары. Әлеуметтің әлеуетінің артуына, олардың көкейтесті мәселелерінің шешілуіне ең бірінші боп біз жауаптымыз. Мемлекеттен көрсетілетін көмекті дұрыс бағыттап, маңызды жобаларды ауыл тұрғындарына түсіндірсек, қолымыздан келген іске ауызбыршілікпен қарасақ, алынбайтын қамал жоқ. Бүгінгі сайыста да достық жеңеді деген ойдамын» - деді Ә.Бекназаров. Ал, аудандық соттың төрағасы Н.Айтбеков шыныға жүріп, шымыр болуға үндеді. –Басты байлық – денсаулық. Дене шынықтырумен айналыссақ, миымыз тұнық, өзгек сергек жүреміз. Шаршамаған маман қашан да қызметте де тың, әр іске жауапкершілікпен қарайтын болады. Салауатты ұрпақ – елдің тірегі. Барлығыңызға жеңіс тілеймін!- дейді ол.

Сайыс соңына келіп жетті. Жүзден жүйрік командалар іріктелді. Нәтиже бойынша, волейболдан өткен тартысты кездесуде бірінші орынды Бәйдібек аудандық ветеринария бөлімі иеленді. Тұғырдан екінші боп аудандық соттың командасы көрінді. Жекелей сында бірінші орынды шахматтан судья С.Байтенов жеңіп алса, мемлекеттік кірістер басқармасының маманы А.Әлиев екінші орынды, ал ветеренария бөлімінің маманы Е.Рахиев үшінші орынды місе тұтты. Шараның барлық жеңімпаздары кубоктармен, дипломдармен марапатталды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары