«Ұлы дала елі – Тәуелсіздіктің 25 негізі» жұлдызды 25 күн акциясы аясында Шымкент қаласында түрлі ұлт пен ұлыс өкілдері спорт алаңында бас қосты. Олар салауатты өмір салтын ұстана отырып, мемлекет мерейін үстем етер шараларды қолға алмақшы. Елдің әлеуметтік-экономикалық даму жолында тек дені сау ұрпақ қана еселі еңбек ете алатындығын алға тартуда. Спорттық дода алаңында кездескен ұлыстардың басты мақсаты жүлделі орындар алу емес, осы арқылы бірлікті бекемдеу болды.
Тәуелсіздік мерекесіне орай арнайы ұйымдастырылған спартакиада облыстық этномәдени бірлестіктер арасындағы бірлік пен ынтымақтың салтанат құрғандығын тағы бір дәлелдеді. Спорттық шараға түрлі ұлт өкілдері мен блогерлер және журналистерден жасақталған 9 команда қатысты. Жүзге тарта спортшы шағын футбол, шахмат пен үстел теннисі, жүгіру және арқан тартудан өзара мықтыны анықтады. Аға буын өкілдері де шарадан шет қалмады. Ынтымағы мен ауызбірлігі жарасқан оңтүстіктің көпұлтты халқы осылайша спортта да ұйымшылдық танытты.
НҰРБЕК КАПАР-ПУР - ОҚО ИРАН ЭТНОМӘДЕНИ БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ
- Орыстарда айтады ғой «Галавное не победа, а участие» депю Сол сияқты қатысқанның өзі үлкен ғанибет. Біздің командада жастармен бірге қарттар да, қыздар да ойнап жатыр. Сондықтан еліміздің тыныштығына, татулығына көп үлес қосады деп ойлаймын.