ҚР Тәуелсіздігінің ширек ғасырына арналған шаралар легі толастар емес. Әр өңір өлкенің тарихын елдің біртұтас өсіп-өнуімен байланыстырады. Соған байланысты түрлі акциялар, байқау, спорттық ойындар ұйымдастырылуда. Оңтүстік Қазақстан облысы, Түлкібас ауданында мүмкіндігі шектеулі азаматтар арасында өткен «Көңілді старт» атты сайыс осының айғағы.
Түлкібас аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің және "Жастар ресурстық орталығы" КММ-нің ұйымдастыруымен Тәуелсіздіктің 25 жылдығы аясында «Спорт бізді біріктіреді» атты ұранымен мүмкіндігі шектеулі балалар арасында түрлі спорттық ойындардан жарыс өткізілді. Атаулы іс-шараны аудан әкімінің орынбасары Жанар Бектаева ашып беріп, үміткерлерге жеңіс тіледі.
Жанар Бектаева, Түлкібас ауданы әкімінің орынбасары:
- Сіздердің мүмкіндігіңіз шектеулі болғанмен, жасап отырған қадамдарыңыз нағыз батылдың бастамасы. Біз біргеміз, берік біздің іргеміз. Тәуелсіз елдің ұландары қай жағынан да өзінің үлесін барынша аямаТәуелсіздіктің 25 жылдығымен құттықтап, жеңіске жетулеріне сәттілік тіледі. Майлы қосуға ынталы болуы тиіс. Біз сонымен мақтанамыз және сіздердей мақтаныштарымызбен шаттанамыз. Бүгінгі байқау меніңше достық байқауы болмақ. Дегенмен, сайысқа келген соң біріңіз жеңесіз, келесіңіз жеңілетініңіз шындық. Осы сәттен жеңіліске ұшырағандарыңызбен, өмірде үнемі жеңіске жетіп жүріңіздер! Әрбіріңізге тек қуаныш, денсаулық тілеймін! Тәуелсіздік мерекеміз тағы да құтты болсын!
Бұдан соң Майлыкент ауылдық округінің әкімі Келесбек Жартыбаев және «Нұр Отан» партиясының Түлкібас аудандық филиалының партиялық бақылау комиссиясының мүшесі А.Бегалиев балақайлармен бірге түрлі көңілді спорт түрлеріне қатысып, мүмкіндігі шектеулі балалардың қуанышымен бөлісті. Байқау соңында жеңімпаздар анықталып, үміткерлердің барлығы бағалы сыйлықтан құр қалмады.
Айта кетейік, қайырымдылық іс-жоспарына орай Түлкібас ауданындағы Майлыкент ауылдық округ әкімі К.Жартыбаевтың ұйымдастыруымен округке қарасты аз қамтамасыз отбасыларына дастархан жайылып, ұн таратылды. Қайырымдылық шарасы мұнымен шектеліп қалмақ емес. Дәстүрге айналған мұндай игі іс келер жылы да басқа қырынан жаңғыратын болады.