$ 498.34  519.72  4.85

Спорт саңлақтарымен өткен жүздесу

Жазира Жаппарқұл, Серік Сапиев, Гүлбадрах Огонцэцэг... Еліміздің мерейін үстем еткен спортшылардың есімі мұнымен түгесілмейді. Жастардың мақтанышына айналған бұл саңлақтар ел егемендігінің ширек ғасырлық тойын тойлауда өзіндік үлестерін қосуға бел буды. Түскей жастарымен жолығып, Елбасы аманаттаған бұқаралық спорт түрлерін дамыту мақсатында тың идеяларымен бөлісті.

Сан салалы сауалдарға жауап берген бір топ спортшылар Оңтүстіктің белді универсиеттетрінің студенттерімен жүздесті. Мерекемен құттықтап, жеңіске жетудің қатпарлы сырлары мен қырларын айтып, құпияларымен бөлісті. Осындай әдемі жолығысудың бірі Түлкібас ауданы Састөбе поселкесіндегі балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде өтті. ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында осы жылдар аралығында жетістікке жеткен жас спортшылар мен ардагерлер кездесіп, ауданның спорт саласындағы басты жаңалықтарымен бөлісті. Шарада Састөбе БЖСМ директоры К.Байбориев сөз сөйлеп, қонақтар мен оқушыларды айтулы датамен құттықтады.

«Әркімнің өз шығар биігі бар. Осында отырған қай қайсасыңыз болсаңыз да арман-мақсаттарыңызды айқындап қоя білсеңіздер, Қазақстанның атын ТМД елдері арасына ғана емес, шетелге мәшхүр ете аласыздар. Тәуелсіздік бізге барлығын берді, енді сол бақты бағалап, мәңгілік ұстап қалуымыз керек», -деді К.Бабориев.

Бокс жаттықтырушысы Медетбеков Асқарбек, волейбол жаттықтырушысы Е.Егетаев өздерінің қызықты оқиғаларымен бөлісіп, жастарды қанаттандырды. Белсенділеріне қолтаңба беріп, сұрақ-жауаптерға ашық жауап берді. «Шынықсаң, шымыр боласың». Ағалар жас спортшыларға отансүйгіштік пен салауатты өмір салтын ұстануды ұлағат және әрқайсысын биік шыңдардан көретіндеріне үміт артып, сенім білдірді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары