$ 474.72  515.17  5.58

Оңтүстікқазақстандық спортшылар арнайы наградаларға ие болды

Еліміздің даңқын төрткүл дүниеге танытқан бірқатар спортшылар мен бапкерлерге де мерекелік медаль табыс етілді. Ал, облыс спортын басқарып отырған Әлібек Нұртаев еліміздегі дене шынықтыру және спорт саласын өркендетуге қосқан айрықша үлесі үшін «Құрмет» орденімен награтталды.

2016 жыл  облыс  спортшылары  мен  бапкерлері  үшін  аса  табысты  жыл  болды. Оған  дәлел, төртжылдықтың төре ойыны – Рио олимпиадасына облысымыздың  20 саңлағы қатысып,  1 күміс  және 1  қола  медальді  жеңіп  алды.  Жерлесіміз  Жазира  Жаппарқұлдың қайсар қазақ қызының ерлігін көрсеткені ел есінде.   Ал,  дзюдошы  қызымыз  Галбадрах  Отгенцецег  қола  жүлдені қолдан бермегені бар. Өзге спортшылар да  республикалық, Азия  және  әлем  чемпионаттарында  топ  жарды. Айқас  алаңында  боксшыларымыз да жеңіс тұғырынан көрініп, конфедерация  кубогін жеңіп алды. Осы  ғаламат  жетістіктерге  бастаған  облыс спортының басшысы Әлібек  Нұртаев мереке қарсаңында мемлекеттік награда -  «Құрмет»  орденімен  марапатталды.

Айтулы бәсекелерде топ жарған  жерлестеріміздің бір легі бүгін Ел  Тәуелсіздігінің 25 жылдығына  арналған  мерекелік  медальдармен  марапатталды. Олардың  қатарында  бокстан  Қазақстан  ұлттық  құрамасының  бас  бапкері  Мырзағали  Айтжанов, олимпиадаға  ойындарына  қатарынан  үш  мәрте  төрелік  еткен  Тимур  Әмірбеков,  олимпиадаға  қатысқан  спортшыларымыз  Біржан  Жақыпов, Қайрат  Ералиева, Пирмаммад  Алиев, Луйза  Сайдиева  бар. Сонымен  қатар,  Қазақстанда  байдарка  және  каноэ  есу  спортының дамуына  ерекше  үлес  қосып  келе  жатқан Денис  Жарменов  және  аудан  жастарын  қол  күресінен  әлемдік  деңгейге  алып  шыққан Шардара  аудандық спорт  бөлімінің  басшысы  Арман  Қарсыбаев, білікті  бапкер  Бауыржан  Оралбековтердің ерен еңбегі еленді.

Енді аз күнде  Алматы қаласында бүкіләлемдік Универсиада басталады. Оған облысымыздан бес cпортшы қатысады. Ел намысы сынға түсетін жауапты сында жерлестерімізге жеңіс тілейміз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары