$ 498.51  522.84  4.81

Ауыл балалары ринг төрінде атой салды

Түркістан қаласына қарасты Жүйнек ауылдық округі, Құмтыйын орта  мектебінде  ел Тәуелсіздігінің 25 жыл толуына орай, жасөспірімдер арасында бокстан ашық біріншілік өтті. Сайысқа Алматы, Шымкент, Кентау қалаларынан 150-ден астам жеткіншек спортшылар қатысты. Жарыстың басты мақсаты,  спортшылар арасындағы қарым-қатынасты нығайтып, үлкен жарыстарға дайындау. Айта кетерлігі, сайыстың Жүйнек ауылдық округінде өтуінің негізгі себебі, ауыл спортын дамыту, шалғайдағы спортқа бейімі бар балаларды тарту және өзара тәжірибе алмастыру.

Үш күнге созылған ашық біріншілікте жүзден жүйрік шыққандарға марапат жасалып, арнайы сый-сыяпаттар табысталды.  Тәуелсіздіктің 25 жылдығына бағытталған жас ұрпақты салауатты өмір салтын ұстануға бағыттайтын игі шаралар алдағы уақытта да өз жалғасын таба бермек.

Айта кетейік, ел Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай облыс аумағында бірқатар спорт шаралар өтуде. Мәселен, республиканың әр аймағынан келген палуандар Шымкентте жиналып, ел кубогін сарапқа салса, журналситер мен блогерлер, мұғалімдер мен мемқызметкерлер шағын футболдан өзара мықтыны анықтады.

Жалпы, Түркістанда бокстан жыл сайын бірнеше турнир өтеді. Солардың ең ірісі - Бекзат Саттарханов атындағы халықаралық турнир мен Әбдісалан Нұрмаханов атындағы халықаралық жарыстар. Қазақтың қос батыры да осы киелі Түркістан жерінде туып өскен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары