$ 480.55  533.75  5.36

Кентауда мемқызметкерлер футбол алаңында бақ сынады

ОҚО Кентау қаласындағы Б.Саттарханов атындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын және Қала күнін атап өту мақсатында «Жемқорлыққа жол жоқ!» ұранымен мекеме қызметкерлері арасында кіші футбол жарысы болып өтті. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлап отыр.

Елбасының Қазақстан халқына жолдауына сәйкес халықты салауатты өмір салтын ұстануға баулу, мемлекеттік қызметкерлер арасында футбол ойынын дамыта отырып, салауатты өмір салтын насихаттау арқылы құқық бұзушылықтың алдын алу, мекеме қызметкерлерінің шеберлігін шыңдау және қарым қатынасын нығайту мақсатында өткен сайысқа қаламыздың мемлекеттік қызметкерлері қатысты.

Ойын қызықты әрі тартысты өтті. Нәтижесінде, Хантағы ауылы әкімшілігінің командасы І-орын, Кентау қаласы әкімі аппаратының командасы ІІ-орын, қалалық емхана командасы ІІІ-орынды жеңіп алды. Жарыстың жеңімпаз командалары кубоктар, медальдармен және тиісті дәрежедегі дипломдармен марапатталды.

Айта кетейік, ел тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойын атап өту мақсатында Оңтүстік Қазақстан облысында үлкенді-кішілі ондаған шара өтіп үлгерді. Олардың қатарында концерттік бағдарламаларды айтпағанда рухани және әдеби кештер, қолөнер шеберлерінің көрмелері, жас ғалымдардың байқаулары, ұлттық ойындар және спорттық жарыстар бар. Кентаудағы мемқызметкерлерінің жарысын айтпағанда облыстың бірнеше ауданында және Шымкент қаласында шағын футболдан турнирлер өтті.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары