$ 498.34  519.72  4.85

Таразда туған қызын зорлаған педофил 7 жылға сотталды

45 жастағы азаматтың 8 жасар перзентіне жәбір көрсеткені дәлелденіп, азғын енді 17 жылын түрмеде өткізетін болды. Бұл жайында КТК телеарнасы хабарлап отыр.

Сұмдық оқиға өткен жылы қыркүйекте болған. Үйде төрт баласымен қалған педофил үшеуін далаға қуып жіберіп, 8 жастағы қызын өзімен алып қалады. Сөйтіп оған ойына келгенін істеген. Оның жанұшыра шыққан дауысын естіген іні-әпкелері сырттан кіргенде, қыздың қансырап жатқанын көреді. Сөйтіп анасына хабар беріп, артынша тәртіп сақшыларын шақыртқан. Белгілі болғаны, ерлі-зайыптылар ажырасқан екен. Бірақ бір шаңырақтың астында тұрып жатқан. Ұдайы мас боп жүретін азғын, 11, 12 жастағы екі қызын да бірнеше мәрте зорламақ болыпты. Алайда, ол кезде полицейлерге арыз жазылғанымен, дәлелін таппаған.

Айгүл Мәлікова, судья:

- Сот барысында азаматтық талап берілді. Әйелінен менің қызыма жанкүйзеліс жағдайға ұшыратты деген талаппен берілді. 2 млн. талап қойылды, оның 1,5 млн. ішінара қанағаттандырылды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары