Қайғылы оқиға былтыр қазан айында орын алған еді. Жолаушылар автобусының жүргізушісі көлік тізгінін өзінің жүргізуші куәлігі жоқ көмекшісіне берген.
Осылайша, Алматыға қарай беттеген автобус жоғары жылдамдықпен жолдың қарсы бағытына шығып кетіп, алдымен Маzda-626 көлігімен, кейін Аudi-100 маркалы көлікпен соқтығысқан.
"Көлік апаты салдарынан Маzda-626 жүргізушісі орта деңгейдегі дене жарақаттарын алған. Ал, жолаушысы мен Аudi-100 көлігінің жүргізушісі және сол көлікте болған тағы екі адам оқиға орнында қаза тапты. 2004 жылғы тағы бір қыз Қордай ауданының орталық ауруханасында көз жұмды", - делінген Жамбыл облыстық сотының баспасөз қызметі.
Сот үкімімен жол апатына себепкер болған автобус жүргізушісінің көмекшісі 5 жылға бас бостандығынан айрылды. Жазасын ол жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді. Ал, автобус тізгінін куәлігі жоқ адамға сеніп тапсырған жүргізуші болса алдағы 2,5 жылын түрмеде өткізбек.