$ 498.51  522.84  4.81

ОҚО-да аудандық соттың судьясы ірі көлемде пара алды деп айыпталуда

Оңтүстік Қазақстан облысында судья пара алды деп айыпталуда. Қаратау аудандық сотының судьясы Ермахан Шалановтың ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агентігі және ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және соттағы жемқорлықты ескерту бөлімінің бірігіп өткізген іс-шарасының нәтижесінде ұсталғанын облыстық сот төрағасы растады деп хабарлайды ҚазАқпарат ХАА.

ОҚО Аймақтық коммуникация қызметінде осы мәселеге қатысты өткен брифингте облыстық сот төрағасы Нұрсерік Шәріпов қазіргі таңда ұсталған судьяға қатысты тергеу шаралары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.

«Қазір Ермахан Шалановқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Заң бойынша мен бұл кісінің қазіргі тағдыры туралы ақпарат тарата алмаймын. Біз заң бұзушыларды, сонымен қатар заң бұзды деген күдікпен ұсталғандарды қатаң түрде жазалаймыз. Ешкім ешкімді аямайды. Ол қызметінен босатылды. Судьялық этикетті бұзғаны үшін оның өкілеттілігі Жоғарғы сот шешімімен тоқтатылды»,- деді облыстық сот төрағасы.

Нұрсерік Кәрімұлы сондай-ақ күдіктінің сот саласында 9 жылдық еңбек өтілі бар екенін, еңбек жолын Шығыс Қазақстанда бастағанын атап өтті. 39 жастағы айыпталушы Тарбағатай аудандық сотында 5 жыл қызмет істеп, бұған дейін сот президиуымында оның қызметтік тәртібі қаралған екен.

«Дегенмен, ол біз артқан сенімді, Жоғарғы Сот артқан сенімді ақтамады. Не дейміз? Бұл - адами фактор. Егер ол біз тапсырған міндетке немқұрайлы қараса, одан құтылу керек. Әрине, бұл ОҚО сот корпусына соққы болып тиді. Дегенмен, қайталап айтамын, бұл адами фактор. Бұл жеке оның мәселесі, түптің түбінде. Егер ол өз беделін ойламаса, өз балаларының қамын да ойламайды», - деп жауап берді Шәріпов.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары