$ 498.51  522.84  4.81

Еліміздегі ең "жемқор" облыстардың тізімі жарияланды

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі еліміздегі жемқорлық ең көп жасалатын облыстардың тізімін жариялады.

"Қазір мемлекеттік қызметкерлердің жұмыстан көптеп қуылуы проблемаға айналып келеді. Олардың жартысынан астамы жемқорлық әрекеттері үшін қызметтен кеткен. Жемқорлыққа жол беретіндердің көбі қаржы, әділет және ауыл шаруашылығы министрліктерінің облыстардағы өкілдері. Ең жиі пара алып, жемқорлық қылмысына жол беретіндер Алматы, Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Қостанай және Жамбыл облыстарының мемқызметкерлері", - дейді Агенттік төрағасының орынбасары Айгүл Шаимова. Бұл туралы ол бүгін ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 2016 жылды қорытындылау жиыны барысында мәлімдеді.

Оның айтуынша, елімізде жемқорлыққа қарсы күрес әлі де күшейетін болады.

"Облыстардағы департаменттер әлі де болса алдын алу шараларын күшейтулері қажет. Жемқорлыққа қарсы шаралардың барлығын толық пайдалануымыз қажет", - деді А.Шаимова сөзін қорытындылай келе.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары