$ 444.22  476.38  4.82

Алматыда асыранды 2 жасар сәбидің тағдырын сот тағы шеше алған жоқ

Алматы қалалық соты қамқорлығына алған баласы үшін күресіп жатқан Гүлжан Қилыбаеваның ісіне қатысты шешім шығарды. Аппеляциялық сот алқасы 2 жастағы Жеңістің ісін алғашқы сот инстанциясына қайта жіберіп, бұдан бұрын Жасөспірімдер сотында шыққан үкімнің күшін жойды деп мәлімдеді 31-арна тілшілері.

Қилыбаеваның айтуынша, осыған дейін Ювеналды сот Жеңістің биологиялық анасының талабын қанағаттандырып, күйеуі екеуінен қамқоршы мәртебесін алып тастаған болатын. Баланы туған анасына бермей жүргендігі үшін, отбасы мойнына сот орындаушылар 2,5 миллион теңге айыппұл да салған еді. Алайда Алматы қалалық соты істе ескерілмей кеткен мәселелердің барын негізге ала отырып, оны Кәмелеттік жасқа толмағандардың ісін қарайтын сотқа қайта қарауға жөнелтті. Ал Жеңіс іс аяқталғанша қамқоршы ата-анасының жанында болады деп шешілді.  

Гүлжан Қилыбаева:

- Сот әлі біткен жоқ, бірақ үмітіміз бар. Басқаша болса, қалай болады деп бүгін мен ұйықтамай келіп едім. Аллаға шүкір, қоғам жақсы көмектесіп жатыр, халқымызға, жұртымызға, сіздерге көп рахмет айтамын.    

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары