$ 498.34  519.72  4.85

Ақтауда 69 жастағы зейнеткер кішкентай қызды азғырғаны үшін сотталды

Ақтауда мектеп автобусының 69 жастағы жүргізушісі 5 жылға сотталды. Зейнеткер оқушы қыздарды азғырған деп айыпталып отыр. Бұл туралы Маңғыстау облыстық жасөспірімдер ісі бойынша мамандандырылған ауданаралық сотының бапсасөз қызметі хабарлады.

69 жастағы зейнеткер 5 жылын темір торда өткізеді және 8 жылға дейін белгілі бір қызметпен айналысуына тыйым салынды. Сонымен қатар, арызданушы тарапқа ол 500 мың теңге көлемінде өтемақы беруі тиіс. Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ.

Естеріңізге салайық, оқиға былтыр желтоқсанда Маңғыстау облысының Шетпе ауылында орын алған болатын. Ол кезде 9 жасар оқушы қыздың ата-анасы мен мектеп мұғалімі дабыл қағып, автобус жүргізушісінің үстінен полицияға арызданған еді. Айтуларынша, зейнеткер кішкентай қызға "махаббат" тақырыбында СМС-хабарламалар жазған. Сондай-ақ, ол кішкентай қыздарға үнемі тәтті әперіп, тізесіне отырғызғанды жақсы көреді екен.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 0

Серіктес жаңалықтары