Психологиялық көмек көрсету үшін «111» байланыс орталығын құру және буллингке ұшыраған жасөспірімдерге көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу жоспарлануда.
Бүгін Сенат отырысында "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң екінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
Жалпы заңда 15 заңнамалық актіге, оның ішінде 7 кодекске және 8 заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізілді.
Заң жауапкершілікті қатаңдатуға, суицидтің алдын алуға, отбасы институтын нығайтуға, барлық түрдегі және нысандағы интернаттық ұйымдарға ескертусіз мемлекеттік бақылауды жүзеге асыруға, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.
Заңға енгізілген түзетулер өз – өзіне қол жұмсағаны, өзін-өзі өлтіруге итермелегені немесе өз-өзіне қол жұмсауға ықпал еткені үшін қылмыстық жауапкершілікті қарастырады – 3 жылға дейін шектеу/бас бостандығынан айыру. Кәмелетке толмағанға қатысты – 5 жылдан 9 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Заң жаңа құрамды енгізуді ұсынады – суицидті насихаттау. Бұл үшін қылмыскерге 200 АЕК дейін айыппұл салынады. Егер үгіт-насихат өзіне-өзі қол жұмсауға итермелесе, 1 жылға дейін бас бостандығынан шектеу/ айыру, егер ол өз-өзіне қол жұмсауына әкеп соқтырса 3 жылдан 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру.
Сондай-ақ, отбасы институтын нығайту мақсатында отбасы-неке заңнамасының жаңа қағидаттары енгізілуде. Олар дәстүрлі отбасылық құндылықтарды қорғауға, сақтауға, нығайтуға және ілгерілетуге, ұлттық және дәстүрлі отбасылық құндылықтарды құрметтеу тұрғыда балалардың моральдық және рухани тәрбиесін қамтамасыз етуге бағытталады.
Заңның тағы бір маңызды бағыты – балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді еліміздің облыстарының әрбір ауданында Отбасын қолдау орталықтары ашылады. Өмірлік қиын жағдайға тап болған отбасыларды ерте кезден анықтау бойынша мобильді топтар құрылады.
Бұдан басқа, психологиялық және өзге де көмек көрсету үшін «111» байланыс орталығын құру, сондай-ақ зорлық-зомбылыққа, қатыгездікке және буллингке ұшыраған кәмелетке толмағандарға көмек көрсету бағдарламаларын әзірлеу жоспарлануда.
Қудалау туралы сөзге келгенде, кәмелетке толмағандарды қорқытқаны үшін 10-нан 30 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл түріндегі әкімшілік жауапкершілік енгізіледі. Кәмелетке толмағанның қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі шараларды орындамағаны үшін ата - аналарына немесе басқа заңды өкілдеріне 10 АЕК айыппұл салынады, ал 16 жасқа дейінгі кәмелетке толмағанды автобустан және өзге де қоғамдық жолаушылар көлігінен ертіп жүруінсіз мәжбүрлеп түсіргені үшін – 5 АЕК айыппұл салынады.
Барлық типтегі және нысандағы интернаттарда тұратын балалардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету мақсатында алдын-ала ескертусіз мемлекеттік бақылау енгізіледі, ал балаларға арнаулы әлеуметтік қызметтер және білім беру-сауықтыру қызметтерін көрсететін ұйымдардың қызметін жүзеге асыру лицензия негізінде ғана ұсынылады.
16 жасқа дейінгі балаларды жыныстық сипатта қорлағаны үшін 200 сағатқа дейін қоғамдық жұмыстарға тарту, 50 тәулікке дейін қамауға алу, кәмелетке толмағанды заңсыз түрде бас бостандығынан айыру үшін - 5 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру, ал кәмелетке толмағанды ұрлағаны үшін – 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру қарастырылған.