$ 494.87  520.65  4.91

«Мен өзім үшін қорқамын»: Сот отырысында Салтанаттың құрбысына жазған хаттары оқылды

Бишімбаевтың ұйқы бермей, ұрыса жөнелетінін және 24 сағат бойы тыныштық бермейтінінен шаршағаны баяндалады.

Фото: видеодан алынған кадр
Фото: видеодан алынған кадр

Астанада марқұм Салтанат Нұкенованың өліміне қатысты өтіп жатқан тергеу сотында марқұмның құрбысы Аида Ахмедина куәлік етті, деп хабарлайды  Skifnews.kz ақпарат порталы.

Сот отырысында Аида Ахмедина марқұм құрбысы Салтанатпен болған ватсаптағы әңгімелерін оқып берді.

Оқылған мәтінде Салтанаттың азаматтық некедегі күйеуі Қуандық Бишімбаевтың неше күн бойы ұйқы бермей, мазасын алып, болмашы нәрселерге көтеріліп, ұрыса жөнелетінін және аптаның 7 күнінде 24 сағат бойы жанынан ажырамайтынынан,  тыныштық бермейтінінен шаршағаны баяндалады.

Салтанат: Маған адвокат керек, жаным

Аида: Саған қалай көмек бере аламын, жаным? Оған не керек?

Салтанат: Павлодарда болғаным дұрыс. Әйтпесе кейін ол менен өш алады. Мен онымен диалогқа түспеймін. Бір апта тыныш отыра тұрамын.

Салтанат: Кейде дұрыс адам сияқты болады, кейде адам төзгісіз, мен онымен әрі қарай бірге тұра алмаймын, ол емделмейді. Ол психологқа барып, өзін керемет етіп көрсеткісі келеді, басқалардан артық екенін дәлелдегісі келеді. Таиландтан келген психологқа 10 мың доллар жұмсады. Бірақ ол өзгермейді. Өзгергендей кейіп танытып кешірім сұрайды да, кейін қайтадан қорлап, өш алады.

Салтанат: Түнімен ұйықтамаймын, себебі ода ұйқы жоқ, маған да ұйқы бермейді.

Аида: Сонда сен ұйықтап жатқанда, жаныңда әрі-бері жүре ме?

Салтанат: Ол сөйлейді, ашуланып, айқайлайды. Оны тыңдамасам, ұрыс шығарады. “Сонда саған бәрібір екен ғой” деп тергейді. Бір жағынан оған жаным ашиды, өйткені ол “травма” алған және ауырады.

Аида: Ол бұған тұрмайды.

Салтанат: Мүмкін мұндай болғанына кінәлі емес болар. Бірақ мен өзім үшін қорқамын. Некемізді заңды түрде тіркеуден, балалы болудан қорқамын. Қазір одан басқа ешкіммен араласып жүрген жоқпын.

Әрі қарай сот отырысы заттық материалдарды зерттеумен жалғасып, Гастроорталықтың директоры, Қуандық Бишімбаевтың туыс інісі боп келетін Бақытжан Байжановтың ұялы телефонындағы кіріс-шығыс қоңыраулар тізімі талданды.

Сот отырысының онлайн-трансляциясын  Жоғарғы Соттың ютуб арнасынан көре аласыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Ашулы 1

Серіктес жаңалықтары